KZ
Өскемен
+16°
ясно жел 5 м/с, С
439.43 473.31 4.82

ШҚО-да биыл қай жерлердегі жолдар жөнделді. Қанша шақырым?

30.11.2020, 10:28 419
Шығыстағы автомобил жолдары желісінің жалпы ұзындығы 12 мың шақырымға жуықтаса, оның 3,4 мыңы – республикалық, 3,2 мыңы – облыстық, ал 5,3 мың шақырымы аудандық маңызы бар автожолдар. 
Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының хабарлауынша, биыл жалпы пайдаланудағы жолдардың 283 шақырымы орташа жөндеуден өткізілген екен. Жөндеу көрген жолдардың 160 шақырымы облыстық, ал 123 шақырымы аудандық маңыздағы автожолдар көрінеді.
Құзырлы басқарма үстіміздегі жылы «Аягөз-Қарауыл-Семей-Қайнар», «Үлкен Нарын-Күршім», «Өскемен-Тарғын-Самар», «Омбы-Майқапшағай-Шілікті-Ақжар», «Шемонаиха-Усть-Таловка», «Шемонаиха-Большая речка», «Семей-Ресей Федерациясының шекарасы-Новопокровка-Петропавловка-Зубаир-Байтанат-Ресей Федерациясының шекарасы», «Семей-Ресей Федерациясының шекарасы-Воскресеновка-Петропавловка-Шелехова-Новопокровка-Петропавловка-Зубаир-Байтанат-Ресей Федерациясының шекарасы», «Белағаш-Дмитриевка», «Таврическое-Каменка-Завидное», «Таскескен-Бақты-Қарабұта-Ақшоқы», «Омбы-Майқапшағай-Жарсу-Бақасу-Саржыра» автомобиль жолдарының бөліктерінде, сондай-ақ Абай ескерткіші мен Беген, Солдатово, Көктерек, Боран, Ойшілік, Глубокое, Белоусовка және Тассай ауылдарының кіреберіс жолдарына жөндеу жұмыстары жүргізілгенін хабарлады.
Бұдан бөлек, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында аудандық маңыздағы 50,4 шақырым жол орташа жөндеумен қамтылды. Атап айтсақ, биыл «Преображенка-Шұғылбай», «Күршім-Алғабас», «Үржар-Қызылту-Бургон», «Новодворовка-Переменовка-Ремки» автожолдарының бөліктері мен Жаңаауыл ауылының кіреберіс жолы жөндеуден өтті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив