ШҚО-да биыл 300 шақырым жол жөнделді
![](/kz/uploads/posts/iblock/e3c/e3c33f71bc8a65c2047415577ec0f652.jpg)
Шығыс Қазақстанда автомобиль жолдары желілерінің жалпы ұзындығы шамамен 12 мың километрді құрайды.
Оның ішінде 3,4 мың шақырым республикалық, 3,2 мың шақырым облыстық және 5,3 мың шақырым аудандық
маңызы бар жолдарға жатады.
ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметіне сәйкес, ағымдағы жылы жалпы пайдаланудағы жолдардың 283 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Оның 160 шақырымы облыстық, 123 шақырымы аудандық маңызы бар жолдар.
Ведомство өкілінің хабарлауынша, ағымдағы жылы Аягөз-Қарауыл-Семей-Қайнар, Большенарым-Күршім, Өскемен
- Тарғын - Самар, Омбы – Майқапшағай – Шілікті – Ақжар, Шемонаиха – Усть-Таловка, Шемонаиха – Большая речка, Семей – РФ шекарасы – Новопокровка – Петропавловка – Зубаир – Байтанат - РФ шекарасы, Семей – РФ шекарасы - Воскресеновка - Петропавловка – Шелехово – Новопокровка – Петропавловка – Зубаир – Байтанат – РФ шекарасы, Белағаш – Дмитриевка, Таврическое – Каменка-Завидное, Таскескен – Бақты-Қарабұта-Ақшоқы, Омбы – Майқапшағай – Жарсу – Бақасу – Саржыра автомобиль жолдарының учаскелеріне, сондай-ақ, Абай ескерткіші мен Беген, Солдатово, Көктерек, Боран, Ойшілік, Глубокое, Белоусовка және Тассай ауылдарының кіреберіс жолдарына жөндеу жұмыстары жүргізілген.
Сондай-ақ, ЖҚЖК бағдарламасы аясында аудандық маңызы бар 50,4 шақырым жол орташа жөндеумен қамтылды.
Осылайша, Преображенка – Шұғылбай, Күршім – Алғабас, Үржар – Қызылту - Бургон, Новодворовка – Переменовка – Ремки ауылдары арасындағы жол учаскелері және Жаңаауыл ауылына кіреберістер жөнделді.