KZ
Өскемен
-6°
снег жел 1 м/с, С
505.17 599.54 6.59

ШҚО-да тағы бір қала карантинге жабылды

16.11.2020, 10:14 1 306

Шығыс Қазақстан облысындағы Алтай қаласы карантинге жабылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Өңірдің бас санитар дәрігері орынбасарының міндетін атқарушының қаулысына сәйкес, 15 қараша сағат 00.00-ден бастап қала сыртына кіріп-шыққандарды бақылау үшін блокбекет қойылды.
Карантинге байланысты кинотеатрлар, монша, сауна, бассейн, театр, мәдениет нысандары, кітапхана, музейлер, фитнес орталықтары және жаттығу залдары, спорт кешендері, СПА орталықтары/салондары жабық болады.


Алтай ауданында соңғы тәулікте 30 адамнан коронавирус анықталды. Жалпы ауданда вирус жұқтырғандар саны 825-ке жетті. Айта кетейік, бұған дейін ШҚО-да Риддер, Серебрянск қалалары және Жаңа Бұқтырма ауылы карантинге жабылған болатын.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу