KZ
Өскемен
+3°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОШ
495.1 583.72 6.46

ШҚО тұрғынының үйінен 50 келі марихуана тәркіленді

16.09.2020, 11:19 189

Тәртіп сақшылары "Транзит" және "Қарасора-2020" жедел алдын алу іс-шаралары кезінде есірткінің аса ірі партиясын анықтады

7 қыркүйекте полиция Серебрянск қаласының маңындағы теміржолдың жанында орналасқан жеке үйлердің бірін тінтіді. Осылайша 45 жастағы шығысқазақстандықтан 50 келіден астам кептірілген марихуана тәркіленді.

- Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп хабарлады көліктегі Полиция департаментінің бастығы полковник Оңал Бекиев. - Сондай-ақ, ведомство жыл басынан бері көлік полицейлері есірткінің заңсыз айналымына байланысты 322 қылмыстық құқық бұзушылықты анықтады, оның ішінде 26 өткізу фактісі, 15 сақтау фактісі және 4 контрабандалық тасымалдау фактісі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу