Шемонаиха тұрғынынан 1 келі марихуана табылды
1 қараша күні «Рефлекс» жедел-алдын алу іс-шарасын жүргізу барысында Шемонаиха ауданының ПБ қызметкерлерімен есірткі заттарын заңсыз сақтау фактісі анықталды.
Күдікті - Шемонаиха ауданы Первомайский ауылының 24 жастағы тұрғыны.
«Жедел - іздестіру іс-шаралары барысында есірткі сақтайтын орында тінту жүргізу кезінде, атап айтқанда жігіттің гаражынан 2 қағаз түйіншек пен ерекше иісі бар өсімдік тектес заты бар 2 полимер пакет табылып, тәркіленді», - деп хабарлайды ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.
Сарапшының қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы 1 221,6 граммды құрайтын кептірілген марихуана есірткі болып табылады.
Қаскөй бұл затты далада, Первомайский ауылының маңынан жеке пайдалану үшін жұлып алғанын айтты.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК- нің 296-бабы 4-бөлігі бойынша-өткізу мақсатынсыз есірткі құралдарымен, психотроптық заттармен, сол тектестермен заңсыз жұмыс істеу бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның санкциясында 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.