KZ
Өскемен
+18°
облачно с прояснениями жел 9 м/с, ОШ
518.31 567.96 6.03

Күршім тұрғынынан 3 кг жуық марихуана тәркіленді

9.02.2022, 14:38 207

Қаңтар айының соңында «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу кезінде Күршім полиция қызметкерлері Күршім ауылының 26 жастағы тұрғынының есірткіні заңсыз сақтау фактісін анықтады.

Тұрғынның гаражын тінту барысында ерекше иісі бар қоңыр түсті өсімдік тектес зат табылып, тәркіленді.

Сарапшының қорытындысына сәйкес, табылған зат - салмағы 2807,59 граммды құрайтын, кептірілген марихуана.

- Бүгінгі күні қаскөйге келу міндеттемесі түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі бойынша (есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу мақсатынсыз аса ірі мөлшерде заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау) сотқа дейінгі тергеу басталды, оның санкциясында 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген, - деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу