KZ
Өскемен
+24°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, Ю
476.27 515.47 5.41

Семейде жылқы шұңқырға түсіп кетті

7.09.2020, 11:24 184

Бүгін таңертең Семейде Заливная көшесіндегі шұңқырға жылқы түсіп кеткен. ТЖБ мамандары көмекке дер кезінде үлгерді

Шұңқыр ішінде шарасыз күйде жатқан жылқыны көрген семейліктердің бірі құтқарушыларды шақыртқан. Өзі-ақ шығарып алмақ болғанымен, шамасы жетпеген.

Құтқарушылар жылқыны арқанға байлап, апаттық-құтқару көлігімен сүйреп алып шықты.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, жылқы зардап шекпеген, ветеринардың көмегі қажет болмады. Мал иесіне табысталды.

- Бұл бірінші рет болып тұрған жағдай емес. Құтқарушылар 2019 жылдың сәуірінде Бобровка кентінде құтқарушылар тереңдігі екі метр ордан сиырды алып шыққан болатын. Маусым айында тағы бір жылқы құдыққа, одан кейін ашық люкке ит түсіп кетті, - деп атап өтті мекеменің баспасөз қызметі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив