KZ
Өскемен
+16°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОШ
475.39 513.37 5.4

ШҚО-да орға құлаған жылқы құтқарылды

31.08.2020, 04:36 189

Шығыс Қазақстан облысында орға құлаған жылқы құтқарылды.

Оқыс оқиға 29 тамызда таңертең болған. Алдымен жылқының иесі малды өз күшімен ордан шығаруға әрекет жасаған. Алайда ор өте тар және терең болыпты. Кейін ол облыстық төтенше жағдайлар департаментінен көмек сұраған.

"Жылқы шалқасынан құлап, орнынан тұра алмады. Құтқарушылар келген кезде ол әрең демалып жатты. Сондықтан шұғыл әрекет ету қажет болды. Мамандар жылқыны құтқаруға кірісті", - делінген ШҚО ТЖД-нің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Алдымен мамандар жануардың аяғын арқанмен байлап, оны орнынан тұрғызуға әрекет жасаған. Алайда ол ордан тұра алмаған. Мұны көрген құтқарушылар сүйменді алып, орды кеңейте бастапты. Нәтижесінде жылқы орнынан тұрып, демала бастаған. Кейін мамандар оны ордан шығарған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив