KZ
Өскемен
+17°
ясно жел 3 м/с, З
481.84 531.33 5.07

Қаратал ауылында дауыл соғып, үйлерді қиратты

5.09.2020, 04:42 150

 Кеше сағат 18:00 шамасында Зайсан ауданы Қаратал ауылында қатты дауыл соқты деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Жойқын жел К.Рамазанов көшесіндегі жарық бағаналарын майыстырып жиырмаға жуық үйдің, лапастардың шатырларын жұлып әкетіп, тағы бірнеше үйдің қоршауларын қиратып кетті. Құйын шатырларды түбімен жұлып, бірнеше метрге ұшырып жіберген. Абырой болғанда, адам шығыны жоқ.

Ауыл әкімі мен ауыл депутаты зардап шеккен отбасылармен жолығып, жағдайды анықтауда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив