ШҚО-да бір ауыл үш күннен бері жарықсыз отыр (ВИДЕО)
Көкпекті ауданының Үлгілімалшы ауылы үш күннен бері жарықсыз отыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
20 мамыр күні дауыл соғып, үйлердің шатырын ұшырып алып кеткен. Дауылдың қандай болғанын төмендегі видеодан көруге болады.
– Құйын соғып, айналдырған үш минуттың ішінде бірнеше жердегі ток өткізгіш сымдарды үзіп кетті. Баған да құлады. Электромонтерлер қираған дүниені жөндеп жатыр. Бүгін кешке ауылға жарық беріледі, – деді ауыл әкімі Мерей Смағұлов.
Еске салайық, Қазгидромет 20-23 мамыр күндері аралығында дауылды ескерту жариялап, желдің жылдамдығы секундына 25 метр болатынын айтқан.
Оқи отырыңыз