«НҰР-СҰЛТАН - ЖИДЕБАЙ» велошеруі өтеді
![](/kz/uploads/posts/iblock/225/2250b50bf01e9815fd0248f600e04aa3.jpg)
Мемлекеттік «Рухани жаңғыру» бағдарламасын және Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасыр» мақаласын негізге ала отырып, Хакім Абайдың 175 жылдығын насихаттауға азаматтық үлес қосу ниетімен «Нұр-Сұлтан – Жидебай» велошеруін ұйымдастырамыз. Веломарафонның ұзақтығы – 1000 (мың) шақырым. Бір бағытқа (Нұр-Сұлтан > Жидебай) ғана жасалады.
Іс-шараның бірнеше мақсаты бар:
1) Абай Құнанбайұлының өнегелі өмірін, бай мұрасын және ізбасарларының еңбегін өзіміз тану және танытуға, насихаттауға атсалысу;
2) Қалың жұртшылықты, әсіресе жастарды саламатты өмір салтын ұстануға үндеу;
3) Елді, жерді сүюге, патриотизмді насихаттау;
4) Қоршаған ортаны қорғауға, айналаны, табиғатты аялауға үндеу.
Веломарафон «Нұр-Сұлтан > Ерейментау > Екібастұз > Павлодар > Семей > Бөрілі > Жидебай» бағдары бойынша Ақмола, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының аумағы арқылы өтеді.
Велосапар Нұр-Сұлтан қаласындағы Абай ескерткішінің алдынан 2 қыркүйекте сағат 8:00-де басталып, Жидебай қонысындағы «Абай-Шәкәрім» мавзолей кешенінде аяқталады.
Велотоп 3 адамнан тұрады. Барлығы да әуесқой спортшылар.
1. Ернат Мелсұлы, ағылшын тілінің оқытушы-аудармашысы.
2. Дәулетқали Асауов, журналист.
3. Жасұлан Үкеев, музей қызметкері, археолог.