Қасым-Жомарт Тоқаев Абай мен Шәкәрімнің рухына құран бағыштады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жидебай ауылындағы Абайдың мұражай-үйіне және «Абай-Шәкәрім» мавзолей кешеніне барды, деп хабарлайды Алтайньюс Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің Фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап.
Қазақстан Президенті қазақтың ұлы ойшылдары Абай мен Шәкәрімнің рухына тағзым ету үшін Жидебай жеріне арнайы келгенін атап өтіп, Абай мекен еткен Жидебай қыстауы – ел руханияты үшін айрықша маңызы бар қастерлі орындардың бірі екенін айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев ұлтымыздың біртауар перзенттері Абай мен Шәкәрімнің рухына арнап құрбандық шалып, құран бағыштады.
Оқи отырыңыз