Маска тағу: Айыппұл мөлшері бір тиынға да азаймайды
Еске салайық, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсіновтің Facebook-тегі жазбасын негізге ала отырып, Қазақстанда маска тағу режимін бұзған жеке тұлғаларға салынатын айыппұл 83 340 теңгеден 2 778 теңгеге дейін төмендетілуі мүмкін деп хабарлаған едік. ҚР әділет министрлігі аталмыш мәселеге қатысты түсініктеме берді.
ӘҚБтК-нің 425-бабында көзделген маска кию режимін бұзғаны үшін қолданыстағы айыппұл санкциялары өз күшінде, мемлекеттік органдар оның мөлшерін азайтуды талқылап жатқан жоқ, - деп жазылған хабарламада.
Оқи отырыңыз