ШҚО-да 22 мыңға жуық бала енді қоғамдық көлікте тегін жүреді
Үстіміздегі оқу жылынан бастап аз қамтылған және көпбалалы отбасыларда тәрбиеленіп жатқан 3 764 бала мектепке дейінгі мекемелерде білім алғаны үшін қаражат төлеуден босатылады. Бұл туралы ШҚО әкімі Даниал Ахметов тікелей эфир барысында мәлімдеді.
Сондай-ақ жаңа оқу жылынан бастап 21 524 бала қоғамдық көлікте тегін жүруге мүмкіндік алатын болды.
Бұдан бөлек, техникалық және кәсіптік білім беру аясында 2020 жылы аз қамтылған және көпбалалы отбасыларда тәрбиеленіп жатқан 1,6 мың балаға нарықтағы сұранысқа ие техникалық мамандықтар бойынша тегін білім алады.
Оқи отырыңыз