Көкпектінің 9 ауылына кең жолақты интернет желісі тартылады
Биыл Көкпекті ауданына қарасты 9 елді мекенге кең жолақты интернет желісі тартылмақ.
Бұл туралы Көкпекті ауданы әкімінің орынбасары Жаслан Майкенов хабарлады. Бұған дейін сапалы интернет желісіне зәру болып отырған тұрғындар үшін бұл жағымды жаңалық болды.
- Биыл ауданға қарасты елді мекендерді ғаламтор желісімен қамтамасыз ету жұмыстары белсенді жүргізілуде. Соның нәтижесінде ағымдағы жылы тоғыз ауылға кең жолақты сапалы интернет желісін тартуды жоспарлап отырмыз. Атап айтсақ, Биағаш, Егінбұлақ, Мариногорка, Жұмба, Мойылды, Палатцы, Подгорное, Қаракөл және Песчанка ауылдары. Алдағы уақытта бұл жұмыстар әлі де