ШҚО-да шағын ауылдар интернет желісіне қосылады
ШҚО-да Риддер қаласындағы маңыдағы шағын елді мекендер интернет желісіне қосылады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Бұл туралы қала әкімі Жомарт Мұратов брифинг барысында айтты.
Келер жылы жылдамдығы жоғары интернет желісімен Пригородное ауылы мен Совхозный ықшам ауданы қамтамасыз етіледі.
Қаланы интернет желісімен толық қамту үшін жобаға Поперечное, Коноваловка, Ливино, Жоғары Хариузовка, Лениногорский лесхоз, Үлбі және Лесное ауылдарын қосу туралы өтінім беріліпті. Бұл елді мекендерде 1500 адам тұрады.