«DariKZ» ұялы қосымшасы іске қосылды

Өскеменде дәрі-дәрмек бағасын негізсіз қымбаттатуға қатысты шағым айтуға болады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Егер дәріханаларда препараттарды жоғары бағамен сату фактісіне тап бослаңыз, бұл әрекетке шағым айта аласыз. Мұндай мүмкіндік «DariKZ» ұялы қосымшасында берілген.
Ұялы қосымшаның іске қосылуына байланысты қаладағы дәріханаларда оны пайдалануға нұсқау беретін арнайы буклеттер қойылады.
Айта кетсек, дәрі-дәрмектердің көтерме және бөлшек саудадағы шекті бағалары Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 шілдедегі бұйрығымен бекітілген.
Оқи отырыңыз