KZ
Өскемен
+8°
переменная облачность жел 1 м/с, С
481.84 531.33 5.07

Дәрі-дәрмек бағасы мамыр айында реттелетін болды

8.04.2019, 11:23 208

Мамыр айынан бастап барлық дәріханалардағы дәрі-дәрмектердің бағасы бірдей болады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі фармация Комитетінің төрағасы Людмила Бюрабекова мәлімдеді. Оның айтуынша, бүгінгі таңда дәрі-дәрмек бағасын реттейтін ережелер әзірленіп қойған. Қазір ол келісу және тіркеу кезеңінде екен.

-Бұл ережелер күшіне енгеннен кейін біз бағаларды тіркеп, шекті көтерме және бөлшек бағаларды белгілейміз. Бұл шекті бағаларды бекіту процессі де түрлі мемлекеттік органдарымен, бірлестіктермен келісу кезеңінен өтеді. Шамамен мамыр айында бағалар реттеле бастайды, - деді комитет басшысы.

Бұл бағалар Министрліктің, Фармация комитетінің, Ұлттық сараптама орталығының сайттарында жарияланады. Сонымен қатар, шекті бағалар туралы арнайы әзірленген ұялы қосымша арқылы да білуге болады.

Демек, дәріханалардағы баға толықтай маусым айында реттеледі.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив