KZ
Өскемен
+4°
туман Штиль
478.93 534.96 5.16

«DariKZ» мобильді қосымшасы туралы не білеміз?

18.07.2019, 11:19 256

Қазақстандықтар үйде отырып-ақ өздеріне қажетті дәрі-дәрмектің құрамымен танысып, бағасын біле алады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.  

Денсаулық сақтау министрлігінің Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының мамандары ойлап тапқан DariKZ мобильді қосымшасы іске қосылды. Оған Қазақстан аумағында тіркелген 7 мыңнан астам дәрінің түрі енгізілген. Қосымшаны Play Market және App Store арқылы жүктеуге болады.

Орталық мамандарының айтуынша, DariKZ кіру арқылы дәрі-дәрмектің бағасын біліп қана қоймай, басқа жерлермен салыстыруға мүмкіндік бар. 

– Комитеттен ешқандай қосымша қаражат бөлінбеді. Өзіміздің мамандар жасап шығарды. Сіз өзіңізге қажетті дәрінің бағасын, қайда сатылатынын да біле аласыз. Ол үшін атауын немесе оның тіркеу нөмірін терсеңіз жеткілікті, – дейді орталықтың бас директоры Ержан Жүнісов.

Е.Жүнісовтің айтуынша, болашақта қосымша арқылы азаматтар арыз-шағымдарын да айтып, жеткізе алатын болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив