KZ
Өскемен
-10°
туман Штиль
502.27 597.15 6.57

«Парацетамол мен аспирин жоқ». ШҚО-дағы дәріханаларға рейд жүргізілді

6.07.2020, 04:19 1 702

Өскемен және Семей қалаларындағы дәріханаларға рейд жүргізілді. Әкімдік қызметкерлері, құқық қорғау органдары мен БАҚ өкілдерінен құралған  мобильді топ ыстықты түсіретін дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеріп,  бағасын байқады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Рейд барысында қос қаладағы дәріханаларда қажетті дәрі-дәрмектердің бар және қол жетімді екені анықталды. Тек бірнеше дәріханаларда парацетамол мен аспирин тапшы екені байқалды. Бірақ оның орнына «терафлю» және басқа да ыстықты түсіретін препараттар жеткілікті. Бір адамға 3-5 дәріден беріледі.

Естеріңізге сала кетейік, дәрі-дәрмек тапшылығына жол бермеу мақсатында Өскемен қаласының әкімдігі 3 шілдеде ірі дәріханалармен ыстықты түсіретін препараттарды рецептсіз жіберуді шектеу жөнінде меморандумға қол қойды. Ал Семей қаласы мен өзге аудандарда меморандум жасасу мәселесі пысықталуда.

Рейдтер барысында дәріхана иелеріне дәрі-дәрмектердің бағасын көтеруге жол берілмейтіндігі ескертілді. Алдағы уақытта мұндай рейдтер тұрақты түрде жүргізілетінін айта кетейік.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу