KZ
Өскемен
-3°
пасмурно жел 6 м/с, ОБ
491.71 529.97 5.05

ШҚО-да бастығы мен есепшісі бірігіп, балабақшадан "ақша жымқырған"

6.07.2020, 08:49 198

Алаяқтықты Алтай ауданындағы мектепке дейінгі мекеменің басшысы мен есепшісі жасаған. Ұрланған сома - шамамен 28 миллион теңге.

Алаяқтық схемасы мынадай: есепте тиісті жалақыны көбірек көрсету арқылы бюджеттік ақшаны аударып, кейін жеке кәсіпкер арқылы "қолға" алып отырған.

«Мекеме қызметкерлеріне сыйақы берудің орнына олар іссапар, қызметкерлердің уақытша жұмысқа жарамсыздық және еңбек демалысы төлемдерінен үнемделген қаражатты жалақы есебінде жымқырып отырған, - деп түсіндірді ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі. – Ақша аударылымы жан басына қаржыландыру есебінде жұргізіліп отырған, орта есеппен ол 270 баланы құрайды. Алайда олардың кейбіреуі, тіпті, тұрғылықты жерін де өзгерткен. Құқықбұзушылар "байып кетеміз, бәріне рұқсат бар, ал оның ертең жауабы жоқ" деп ойласа керек.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының орынбасары Әділхан Сабуров Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 200-бабы аясында басшының және есепшінің үстінен қылмыстық істің қозғалатынын айтады.

Сондай-ақ, ол балабақша тізімінде жоқ балаларды анықтауға баса назар аудара отырып, балабақшалардың кадрлық құрамын тексеретін комиссия құруды ұсынды. Бұл бюджет қаражатын орынды жұмсауға және басқа құқықбұзушылықтарды бағалауға мүмкіндік бермек.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив