92 миллион теңге жымқырған бас есепші сотталды – ШҚО
Шығыс Қазақстан облысы Шемонайха ауданындағы орталық аурухананың бұрынғы бас есепшісі сотталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі Тengzrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Дереккөздің ақпаратына сүйенсек, Шемонайха аудандындағы орталық аурухананың бас есепшісі Дүсіпова өзінің есепшотына заңсыз қаржы аудару арқылы бюджет қаражатынан 92,5 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінген. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша демпартаменті қылмыстық істі аяқтады.
Айыпталушы аудандық соттың үкімімен 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ оған мемлекеттік қызметтерді атқаруға тыйым салынды.
Оқи отырыңыз