KZ
Өскемен
-14°
туман жел 1 м/с, СШ
495.28 518.41 5.44

Әлемде коронавирус жұқтырғандардың саны 5 миллионнан асты

22.05.2020, 08:13 172

Коронавирус инфекциясы әлем бойынша 5 миллионнан астамға адамға таралды.

325 мың адам коронавирустың салдарынан асқынған аурулардан көз жұмды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ақпараты бойынша, қазіргі таңда коронавирус  5 011 405 адамнан анықталған. Ауру 2 709 460 науқаста белсенді фазада өтуде.

Науқастар ең көп тіркелген мемлекет АҚШ болып отыр – 1,5 миллион. Мұнда 93,5 мың адам көз жұмды.

Ресейде 308 мың науқас тіркелген, көз жұмғандар саны – 2,9 мың.

Испания – 278 мың, көз жұмғандар – 27,7 мың.

Бразилия – 271 мың, көз жұмғандар – 18 мың.

Ұлыбритания – 248 мың, көз жұмғандар – 35,3 мың.

Италия – 226,7 мың, көз жұмғандар – 32 мың.

Франция – 180 мың, көз жұмғандар – 28 мың.

Германия – 177,8 мың, көз жұмғандар – 8 мың.

Түркия – 151,6 мың, көз жұмғандар – 4 мың.

Иран – 126,9 мың, көз жұмғандар – 7 мың.

Үндістан – 106,8 мың, көз жұмғандар – 3,3 мың.

Басқа елдерде вирус жұқтырғандардың саны 100 мың адамнан аз екен.

Айта кетсек, пандемия Қытайдан бастау алған еді. Мұнда соңғы мәліметтер бойынша, жалпы 82 965 коронавирус жағдайы тіркелген екен. Көз жұмғандардың саны – 4,6 мың адам.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу