KZ
Өскемен
+22°
ясно жел 5 м/с, З
479.05 534.57 5.17

Әлемде коронавирустан 500 мыңнан астам адам көз жұмды

28.06.2020, 10:18 187

Әлемде коронавирус жұқтырған адамдардың саны 10 миллионнан асты. Бұл індеттен 500 мың адам көз жұмған екен, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Worldometer порталының мәліметі бойынша, вирус жұқтырғандарың нақты саны – 10 105 721 адам, көз жұмғандар – 501 696 адам.

Соңғы тәулікте ең көп жағдай АҚШ-та тіркелген – 2,5 миллион, Бразилияда – 1,3 миллион. Өлім-жітім саны да осы екі елде көп тіркеліп отыр: АҚШ-та – 1 млн тұрғынға шаққанда 387 адамды құрайды, Бразилияда – 269.

Сонымен қатар, соңғы тәулікте Орталық Азия елдерінде (Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан) коронавирус жұқтырғандардың саны 983 адамға артып, барлығы 39052-ге жетті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив