KZ
Өскемен
+11°
пасмурно жел 1,6 м/с, В
479.05 534.57 5.17

Алтай ауданының жаңа әкімі әлеуметтік нысандарды аралауда

27.04.2020, 04:57 111

Жақында ғана Алтай ауданына әкім болып барған Қалиқан Байғонусов өзіне қарасты аумақтағы әлеуметтік нысандармен танысуда. Жаңа басшы бұл жолы Грехово кентіндегі мүгедектерге арналған оңалту орталығына барды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Оңалту орталығының директоры Дмитрий Фаустов аудан әкіміне орталықтың ашылу тарихы мен жұмысы туралы мағлұмат беріп, емделушілер жөнінде баяндады.

– Аталмыш орталық 2016 жылы ашылды. Мұнда 1-2 топтағы мүгедектер және мүмкіндігі шектеулі балалар (8 жастан асқан) оңалтудан өтеді. Орталықта 80 төсек-орын бар, оңалту мерзімі – 30 күн. Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмірлік, психофизикалық тұрақтылығын қалпына келтіру мақсатында медициналық көмек көрсету үшін барлық жағдай жасалған. Медициналық жабдықтар да жеткілікті: емдеу-диагностикалық кешені, тренажердің түр-түрі, локомоционды жол, аспалы жүйе, аралық вакуумдық терапия аппараты. Сондай-ақ, психологиялық көмек көрсетілетін бөлме, емдеу және дене шынықтыру, физиоемдеу кабинеттері жұмыс істейді, – деп жазды Қалиқан Байгонусов Instagram-дағы парақшасында.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив