KZ
Өскемен
-10°
небольшой снег жел 4 м/с, ОШ
503.35 590.63 6.62

"Басқа ұшақтар қатынайды". Зайсанның әуежайы жөнделеді

10.02.2020, 07:28 476

Зайсан әуежайы жөнделеді. Бұл туралы облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұржан Жұмаділов хабарлады.

– Қазіргі уақытта әуежайдың жобалық-сметалық құжатын дайындайтын мердігер анықталып жатыр. Бұған 24 миллион теңге бөлінген. Әуежай жөнделгеннен кейін, қазіргіден басқа ұшақтар ұшатын болады. Қазіргі Зайсан мен Үржардағы АН – 24 ұшақтары жеткіліксіз, – деді басқарма басшысы.

Оның сөзінше, биыл облысішілік (Өскеменнен Зайсанға, Семейден Үржарға дейінгі) әуетасымалы жұмыстарына 311 миллион теңге бөлінген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу