Катонқарағайда сирек кездесетін аң фототұзаққа түсіп қалды

Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде сирек кездесетін қоңыр аңның бірі фототұзаққа түсіп қалды, деп хабарлайды Аltaynews тілшісі.
Әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен бейнежазбаны Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің мамандары таратқан.
Күдір - тұяқты жануарлар ішіндегі ең кішісі. Биіктігі жарты метрден сәл ғана асады. Ол көбіне таулы жерлерді мекен етеді.
Күдір бейнежазбаға Сарымсақты жотасының маңында түсіп қалған.
Оқи отырыңыз