Семейде 29 жастағы жігіт жоғалып кетті
Семей қаласының 29 жастағы тұрғыны із-түссіз жоғалып кетті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Андрей Елсуков 7 желтоқсанда Глинка ауданындағы үйінен белгісіз бағытта шығып кеткен. Содан бері еш хабар жоқ.
Сол күні үстінде ақшыл түсті күртке болған. Ерекше белгілері: бойы – 180 см, шашы қара, көздері ашық көк түсті, дене бітімі арықша келген, оң жақ иығында татуировка салынған, сол жақ иығында тыртық бар.
Андрей Есуков туралы қандай да ақпараттарыңыз болса, 8747 349 57 17 нөміріне немесе 102 арнасына хабарласуларыңызды сұраймыз.
Оқи отырыңыз