Семейде 50 жастағы әйел жоғалып кетті
Семейде еріктілер тобы бір ай бұрын жоғалып кеткен қала тұрғынын іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Volontery_semey_LIDER.KZ ақпараты бойынша, 50 жастағы Жұлдыз Жоламанова 9 қазанда контрольный кентіндегі үйінен шығып кеткен. Содан бері одан еш хабар жоқ.
Үстінде ашық көк түсті жемпір, қара спорттық шалбар, қоңыр түсті күртке, қара түсті қалпақ пен аяқ киім болған.
Жұлдыз Жоламанова туралы қандай да ақпараттарыңыз болса 8-747-349-57-17 телефон номеріне немесе 102 арнасына хабар берулеріңізді сұраймыз.
Оқи отырыңыз