ШҚО-да 25 жастағы жігіт жоғалып кетті
Семей қаласының 25 жастағы тұрғыны із-түссіз жоғалып кетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Дархан Ағзамов 10 мамыр күні сағат 19.30-да Бозтаев көшесіндегі үйінен шығып кеткен. Сол уақыттан бері хабар-ошарсыз.
Ерекше белгілері: сол қолында «One life-one love» деп жазылған татуировка бар. Үстінде қою жасыл түсті олимпийка, көк түсті трико, қоңыр былғары күртке, қара түсті кепка мен кроссовка.
Дархан Ағзамов туралы қандай да ақпараттарыңыз болса, келесі телефон нөмірлері арқылы хабар берулеріңізді сұраймыз: 8-747-349- 57-17 немесе 102.
Оқи отырыңыз