Өскемендегі №25 мектептің төбесінен су тамшылап тұр (ВИДЕО)
Өскемендегі №25 мектептің төбесінен су тамшылап тұр, деп хабарлайды Аltaynews тілшісі.
Бұл мәселені әлеуметтік желіде облыс орталығындағы№25 мектептің ата-аналардың бірі қозғаған. Оның айтуынша, бастауыш сыныптың оқушылары осындай аянышты жағдайда сабақ оқып жүр екен. Бір жағынан бұл балалардың өміріне қауіпті екенін айтады. Жауын-шашын күндері сынып бөлмесінің төбесінен су сорғалап, аспа шамдардың ішіне толып алады екен. Ол аздай төбенің сылағы құлайды.
- Жылдар бойы осы мәселені ұстаздар мен ата-аналар қауымы көтеріп келеді. Алайда бюджеттен қаражат бөлінбейді. Биліктегілер мектеп төбесінің опырылып түскенін күтіп жүр ғой деймін. Баламызды мектепке апарған сайын қорқып отырамыз, - дейді Александра Шкарпетина.