ШҚО-да мектептің төбесінен шелектеп су ағып тұр
Алтай ауданының Октябрьск кентіндегі орта мектептің шатыры тесіліп, төбеден шелектеп су ағып тұр. Бұл туралы кент тұрғындары әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Айта кетсек, ШҚО-да бүгін ауа райы күн рай бұзылып, жаңбыр жауды. Соның салдарынан Алтай ауданының Октябрьск кентіндегі орта мектептің төбесінен су аққан.
-Су жай тамшылап тұрған жоқ, шелектеп ағады. Мектептің терезелерін өткен жылы қазан айында сабақ басталғаннан кейін ауыстырған болатын. Балаларымыз осындай нашар жағдайда білім алуға мәжбүр, - деп жазады тұрғындардың бірі.
Оқи отырыңыз