Өскемендегі автобустардың төбесінен жаңбыр суы сорғалап тұр
Өскемендегі автобустардың төбесінен жаңбыр суы сорғалап тұр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
– 60-шы автобуста келе жатырмыз. Автобустың ішінде жаңбыр суы сорғалап тұр, – дейді бейнежазба авторы.
Әлеуметтік желілерде қызу талқыға түскен бейнежазбаның астына қала жұртшылығы, «Бұрыннан осы ғой» , «55-ші автобус та осы», «17-ші автобустың да орындықтары дымқылданып тұрған», "Тұрғындардың қандай автобустармен жүретіні биліктегілерді мүлдем алаңдатпайды", "Автобустың ішінде тайып жығыла жаздайсың" деген түрлі пікір қалдырыпты.
Оқи отырыңыз
Өскемендегі су жаңа үйлердің төбесінен тағы да су сорғалап тұрӨскемендегі №17 автобустың жүру бағыты өзгердіӨскеменде кондуктор автобустың жолаушысын соққыға жықтыӨскемендегі 45-ші дәріхана ауданындағы жер асты өткелі аянышты жағдайда тұр«Автобус күтіп тұрғаныма 75 минут болды». Семейдегі автобустардың мәселесі шешілмей тұр (ВИДЕО)