KZ
Өскемен
+1°
снегопад жел 8 м/с, Ю
491.71 529.97 5.05

Өскемендегі су жаңа үйлердің төбесінен тағы да су сорғалап тұр

24.10.2019, 07:29 139

Өскеменде жаңа салынған үйлердің төбесінен жаңбыр суы сорғалап тұр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар ЖМК, Сол жағалау, Күленов және Жыланды шағынаудандарының тұрғындарымен кездесіп, есеп берді. Жиын барысында қарапайым халық қала басшысына арыз-шағымдарын айтты. Солардың бірі Римма Жакупова. Оның айтуынша, 19-тұрғын аудандағы су жаңа үйлердің төбесінен су сорғалап тұр.

– Мен 122-нші үйдің тұрғынымын. Бесінші қабаттағы жап-жаңа пәтеріміздің төбесінен су ағып тұр. Көршілерімде де солай. Жазда құрылыс бөліміне шағымданған едік. Олар келіп, шатырдың біздің подъезд тұсын жөндеген болды. Алайда күзгі жаңбырдың суы қайтадан сорғалай бастады, – дейді Римма.

Тұрғынның айтуынша, бастапқыда бір-екі пәтердің төбесінен су аққан. Жаңбыр суы біртіндеп бесінші қабаттағы түгел тұрғынның мазасын алған көрінеді. Үйдің шатырын тұтас жөндеу керек деп отыр тұрғындар.

Шаһар басшысы жағдайды анықтап, оң шешімін табуға сөз берді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив