1 қаңтардан бастап әйелдердің зейнет жасы ұлғаяды
2020 жылдың қаңтарында әйелдердің зейнет жасы 59,5 жасқа дейін ұлғаяды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап қазақстандық әйелдер зейнетке ерлер сияқты 63 жасында шығатынын еске саламыз. Яғни, жыл сайын зейнет жасына жарты жылдан қосылып отырады.
Зейнет жасын арттыру 2018 жылдан басталған болатын. Биыл зейнет жасы 59 жасты құрады.
Кейбір әйелдердің зейнет жасы өзгермейді. Олардың қатарына көпбалалы аналар мен Семей ядролық полигонында тұрған әйелдер кіреді.
Оқи отырыңыз