KZ
Өскемен
-9°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

«Алтай» «Қызылжармен» тең тарқасты

23.10.2019, 03:41 176

Футболдан бірінші лига командалары арасындағы ел чемпионатында өнер көрсетіп жатқан семейлік «Алтай» көш басындағы «Қызылжармен» тең тарқасты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Біріншіліктің 24-ші туры аясында Петропавл қаласында ойналған ойын 0:0 есебімен аяталды. Еске салайық, қос ұжым арасында Семей қаласында өткен алғашқы кездесуде петропавлдық футболшылар Сергей Тимофеев шәкірттерін 1:0 есебімен тізе бүктірген болатын.

Осы кездесуден кейін жерлестеріміз турнирлік кестенің үшінші орнында орналасуда. Әзірге қоржынында 49 ұпайы бар «Алтай» көш бастап тұрған «Қызылжардан» – үш, ал екінші орындағы ақтаулық «Каспийден» бір ұпайға қалып тұр.

Ел біріншілігі аясындағы келесі кездесуін алтайлықтар 27 қазан, жексенбі күні өз алаңында шымкенттік «Қыранмен» өткізетінін айтқан жөн.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу