KZ
Өскемен
дымка жел 1 м/с, С
497.89 525.12 5

Семейліктер үшін 800-ге жуық бос жұмыс орны ұсынылды

11.10.2019, 11:11 286

Семейде бос орындар жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Шаһар тұрғындары үшін 700-ден астам бос жұмыс орындары ұсынылды.
"Қаражыра" АҚ, "Семей машина жасау зауыты", "Шығыс Қазақстан ұн-құрама жем комбинаты", "Семей цемент зауыты ӨК" ЖШС, "Семей Құрылыс материалдары"," Каполиграф"," Гордорстрой","Казахцемент"," Daewoo Bus","Прииртышская бройлерлік құс фабрикасы","Роза ВВК"," Эйкос"," Семей құю-механикалық зауыты "және т. б. кәсіпорындардың өкілдері қатысты.

- Бүгінгі жәрмеңкеде 800-ге жуық бос жұмыс орны ұсынылды. Бұл қала тұрғындары үшін таптырмас мүмкіндік деп санаймыз және мұндағы басты мақсат жұмыссыздықпен күресу. Жәрмеңкеден кейін біз талдау жүргіземіз,  қанша адам қатысты деп есептейміз. Жұмысқа орналасу пайызы 40%-ды құрайды, - дейді Жұмыспен қамту орталығының директоры Тұрсынбек Шинжин.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу