Семейде бойжеткен автокөлікті айдап әкетті
Семейде қала тұрғының автокөлігін үйдің ауласынан белгісіз бойжеткен айдап кетті, деп хабарлайды Алтайнью тілшісі.
22 жастағы жігіт полицияға арыздануға мәжбүр болды. Айтуынша, бойжеткен қыз оның рұқсатынсыз аулада тұрған "ВАЗ-2199", маркалы автокөлін айдап кеткен. Жәбірленуші келтірілгін залалды 400 000 теңгене бағалап отыр.
Жедел іздеу тобы көлікті ұрлаған 21 жастағы бойжеткенді құрықтады. Ол өз кінәсін толық мойындаған.
Оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Оқи отырыңыз