ШҚО-да автокөліктерді айдап әкетіп, тонаумен айналысқан адам ұсталды
Өткен жылдың 5 желтоқсанында Өскемен қ. ПБ «102» жедел арнасына 37 жастағы азамат өзінің мүлкінің ұрланғаны туралы хабарлаған.
Сотқа дейінгі тергеу барысында белгісіз тұлға «ВАЗ» маркалы қызметтік автокөлік салонының артқы оң жақ терезесін сындыру арқылы кіріп, сол жерден мүлікті ұрлауға тырысқаны анықталды.
Осы күні Өскемен қ. ПБ «102» арнасына 38 жастағы «ВАЗ» маркалы автокөлігін айдап әкету фактісі бойынша тағы бір азамат жүгініп, белгісіз тұлға үйдің ауласында тұрған көлігін заңсыз иемденгенін хабарлаған. Келтірілген жалпы шығын 700 мың теңгені құрады.
- Күдіктінің 7 қылмысты жасауға қатысы бар екені анықталды. Бұл-2 автокөлікті айдап әкету мен 5 көлік ұрлығы. Іс бойынша автокөліктер, автомагнитолдар, аккумуляторлар және т.б. заттай дәлелдемелер алынды. Ұсталған азамат кінәсін мойындады, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.