Семейде біреудің көлігін айдап кетіп, кейін өртеп жіберген ер адам ұсталды
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «102» жедел арнасына хабарласқан 29 жастағы азамат 5-8 наурыз аралығында үй ауласында тұрған «ВАЗ» көлігін белгісіз біреудің айдап кеткенін айтқан. Осының салдарынан келтірілген материалдық шығын 1 600 000 теңгені құрады.
«Патрульдік полиция қызметкерлері бірден «Тосқауыл» жоспарын жариялады. Көп ұзамай Әуезов полиция бөліміне бейтаныс ер адамның 3 көлікті өртеп жібергені туралы хабар түскен. Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, 24 жастағы күдіктіні ұстады. Тергеу кезінде анықталғандай, жергілікті тұрғын автокөлікті айдап кетіп, үш көлікті қасақана өртеп жіберген. Күдікті өз кінәсін мойындап отыр. Тиісті сараптама жұмыстары тағайындалды», - деді ШҚО ПД бастығы Сағат М2диев.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 200-бабы 1-бөлігімен және 202-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.