KZ
Өскемен
-9°
пасмурно жел 1 м/с, С
505.17 599.54 6.59

Көлікті айдап кеткен азаматты ұстады - ШҚО

9.03.2021, 10:47 1 226

Глубокое ауданы ПБ-ның «102» жедел арнасына 33 жастағы ер адам қала аумағында орналасқан дүкендердің бірінің жанында тұрған «Chevrolet» маркалы автокөлігін белгісіз адамдардың ұрлап айдап кеткендігі туралы айтып, жүгінген. Жәбірленуші автокөлікті 2 000 000 теңге көлемінде бағалады.

- Патрульдік полиция қызметкерлері дереу «Қармау» жоспарын жариялады. Операция барысында «Өскемен – Шемонаиха» тас жолында ұрланған автокөлікті басқарған Глубокое кентінің 41 жастағы тұрғынын ұстаған. Күдікті қылмыс жасағанын мойындады. Шетелдік автокөлік тәркіленді, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев. 

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 200-бабы, 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісі жүріп жатыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу