Өскеменде көлік жөндейтін жерден автомобильді айдап әкетті
Полицияға 62 жастағы қала тұрғыны көлігінің машина жөндейтін жерден ұрланғаны жайлы шағым түсірді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Анықталғандай, клиенттің автокөлігін көлік жөндейтін жердің қызметкері айдап әкетіпті. 43 жастағы ер адам сол жерде сырлаушы болып жұмыс істейді екен.
Хабар түскен сәттен бастап қала бойынша ұрланған көлікке көлікке іздеу салынып, күдікті адам құрықталды. Ол өзінің кінәсін мойындап отыр.
Оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Оқи отырыңыз