KZ
Өскемен
-5°
небольшая облачность жел 2 м/с, С
498.34 519.72 4.85

ШҚМУ ғалымының қазақ ру-тайпалары туралы кітабы шықты

17.09.2019, 05:18 158

Жуырда С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ғалымы Маратбек Ақановтың «Қазақтың ру-тайпа атауларына ғылыми көзқарас» атты кітабы басылып шықты

Автордың айтуынша, еңбек қытай, парсы, моңғол, орыс, көне түркі, араб дереккөздері негізінде жазылған және өзінің түп-тамыры мен тегіне, қазақтың шежіресіне, халқымыздың тарихи қалыптасуына қызығушылық танытатын оқырмандарға арналған.
Басылымда найман, арғын, керей, жалайыр, байжігіт, қаракерей, балталы, бағаналы сынды қазақ ру-тайпалары атауларының мән-мағынасы мен тарихы айтылады.

Мәселен, «найман» сөзі моңғолдың «сегіз» сөзінен шыққан делінеді (сегіз тайпа одағы), ал ғалым өз нұсқасын ұсынады, оның пайымынша сөз парсының «най» (керней, музыкалық аспап) және «ман» (адам) деген сөздерінен құралған. Яғни, түпкі мағынасы – музыкант.

Кітаптың таралымы – 550 дана.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу