KZ
Өскемен
снег жел 4 м/с, ОБ
530.12 546.08 5.17

Умыш қоқыстан тазартылды, ендігі кезекте - Шыбындыкөл

28.05.2019, 11:21 183

Кеше әлеуметтік желілерде Самар тас жолының бойындағы бастаудың қоқысқа толып тұрғаны туралы ақпарат жарияланған-ды. Бүгін Ұлан ауданынан сайланып шыққан белсенді топ аталмыш  демалыс орнынын қоқыстан тазартып,  маңайды тәртіпке келтірді.

Бұл туралы Ұлан аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Болатбек Мамарбаев өзінің Фейсбуктегі парақшасына жариялады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

«Ұлан ауданында сәуір айынан бастап санитарлық тазалық жұмыстары белсенді жүріп жатқаны туралы ертеректе өздеріңізге жариялаған болатынбыз. Әрине, бірінші кезекте елді мекендер мен маңайын тазалау жұмыстары жүргізілді. Бүгін ауданның жастары мен Тарғын ауылдық округі тұрғындары бірлесіп Ұмыш асуындағы бастауды тазалады. Болашақта осындай жұмыстар жалғасатын болады. 30 мамыр күні Шыбынды көлінің жағалауын тазалау жүргізіледі. Қатысамын деушілер болса мархабат. Табиғатты таза ұстау - баршамызға бірдей міндет екенін ұмытпайық»,-деп жазады ол.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу