KZ
Өскемен
+20°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, В
471.83 505.66 5.4

Аягөздегі жауапты мекемелердің қысқа дайындығы нашар - аудан әкімі

7.09.2020, 04:16 264

«Аягөз су» мекемесінің теңгерімдегі техникалардың қыс маусымына дайындығын тексерілді. Дайындық шаралары сын көтермейді, өте нашар, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі. 

Бұл туралы аудан әкімі Сейілбек Ысқақов өзінің Фейсбуктегі парақшасына жариялады. 

Аудан басшысының айтуынша, мекеме ғимараты мен ауласында тазалық жұмыстары жүргізілмеген, күл –қоқысқа толған.

"Мекеме басшысына ақаулықтарды жоюға уақыт бердім. Сонымен қатар, Ларшин көшесіндегі асфальт төсеу жұмыстарын бақылап, жобаны іске асырып жатқан «Нұрлы жол» ЖШС өкілдерімен кездестім. Кездесу барысында жұмыстар жобалық сметалық құжаттарға сәйкес жүргізілуін, сапалы болуын басты назарда ұстау керектігін ескерттім. Аталған талаптар орындалмаса жұмыстарды тоқтатуды тапсырдым", деп жазады Сейілбек Ысқақов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив