KZ
Өскемен
-1°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, ОШ
529.7 545.96 5.17

Алтайға баратын төте жолдың құрылысы кестеден кешігетін болып тұр

3.05.2019, 04:10 148

Бүгін облыс әкімі Даниал Ахметов жұмыс сапарымен Алтай ауданында жүр деп хабарлайды  Алтайньюс тілшісі.

Алдымен облыс əкімі «Өскемен - Рахман қайнарлары» тас жолының жөнделіп жатқан 56-72 шақырымын көрді.

Мердігер «АБК Автодор НС»  ЖШС  бұл жұмысты 2017 жылы бастағанын естеріңізге сала кетейік. Жоспарға сәйкес, тау үстіндегі төте жол  келер жылдың  сəуір айында  аяқталуы тиіс болатын. Бірақ,  жоспардағы жұмыс белгіленген кестеден кешігетін болып отыр.

Себебі, Осинов асуындағы айналма жол аумағы мемлекеттік орман қорына тиесілі.

Даниал Ахметов ауыл шаруашылығы министрлігіне шығып, осы мəселені шешуге уəде етті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу