KZ
Өскемен
+28°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, Ю
441.66 475.14 4.86

Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына орай коллекциялық монеталар шығарылды

29.09.2022, 10:14 122

Ұлттық банк MUHTAR ÁÝEZOV. 125 JYL коллекциялық монеталарын айналымға шығарады. Бұл монеталар "Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар" сериясын жалғастырады.

Бүгін қазақ жазушысы, әдебиеттанушы ғалым, драматург Мұхтар Әуезовтің туғанына 125 жыл толды. Осы датаға орай MUHTAR ÁÝEZOV. 125 JYL коллекциялық монеталарын шығармақ.

Номиналы 500 теңгелік монеталар күмістен жасалған, монетаның сапасы – proof, массасы – 24 грамм, диаметрі – 37 мм, таралымы – 2 000 дана.

Номиналы 100 теңгелік монеталар мельхиор қоспасынан дайындалған, монетаның сапасы – brilliant uncirculated, массасы – 15 грамм, диаметрі – 33 мм, таралымы – 20 000 дана.

Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында белгіленген құнына сай төлемнің барлық түрі бойынша қабылданады, еліміздегі банктерде шотқа есепке алынады, аударылады, ұсақталадыжәне айырбасталады.

Күмістен жасалған монеталар мемлекеттік тілде, орыс және ағылшын тілдерінде Ұлттық банктің нөмірлі сапа сертификаты бар кәдесый орамында болады. Мельхиор қоспасынан жасалған монеталар жеке блистерлік орамда шығарылады.

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив