KZ
Өскемен
+9°
пасмурно жел 1,5 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Өскеменде трамвайлар бейнекамерамен және тегін Wi-Fi-мен жабдықталды

21.04.2019, 07:14 130

Облыс орталығындағы ескі трамвай вагондары толық жөндеуден өткізілуде. Бүгін жаңаланған трамвайдың бірі жолаушы тасымалдауға жіберілді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

32-ші нөмірлі ескі вагон толықтай бөлшектеліп, жаңа материалдардан қайта жиналған екен. Сондай-ақ, салон жылытылып, шудан оқшауланған, монитор мен бейнебақылау жүйесі, жарықдиодты шамдар мен тегін Wi-Fi орнатылыпты. Одан бөлек, отыратын орындықтар, еден жабындысы, сыртқы қаптамасы, есіктерінің механизмдері түгел жаңартылды.

Жуықта тағы бірнеше жаңартылған вагондар іске қосылмақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив