ШҚО-да Осинов өткелін айналып өтетін көпір салынады
2017 жылдан бастап ШҚО-да Өскемен – Алтай - Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнарлары автожолын қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Нақтырақ айтқанда, тас жолдың 56-72 шақырымы мен 72-88 шақырымдарында.
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ ШҚ облыстық филиалы директорының орынбасары Олжас Ахметовтың мәліметінше, жол учаскесінің үшмыңнан астам шақырымы мемлекеттік орман қорының жерінде орналасқан екен. Сондықтан ол учаскелерде жөндеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік жоқ. Қазір сол жерлерді басқа категорияға ауыстыру бойынша мәселе Ауылшаруашылығы министрлігі мен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің деңгейінде шешіліп жатыр. Жақын арада Үкімет сәйкес қаулыны бекітеді деп күтілуде.
Осы мәселеге байланысты Осинов өткеліндегі серпантиндерді айналып өтетін көпірдің құрылысы басталмай тұрған еді.