KZ
Өскемен
+1°
снег жел 1 м/с, СШ
487.24 529.34 5.02

Жасанды жолмен қар көшкіні түсірілді - ШҚО

7.01.2023, 09:35 438 Ләззат Қанатқызы

ШҚО-да жасанды жолмен қар көшкіні түсірілді.
«Өскемен-Таулы Үлбі-Северное» тасжолында таудан жарылыс жасалып, 40500 текше метр қар түсірілді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Қыс басталғалы өңір бойынша жасанды жолмен барлығы 80000 текше метр қар түсірілген. 
«Қазселденқорғау» ШҚ филиалының басшысының айтуынша, облыс бойынша барлығы 325 учаскеде қар көшкіні жүру қаупі бар.

- Олар 71 нысанға, оның ішінде 44 тұрғын үйге және 93 шақырым көлік жолына қауіп төндіреді. Көшкін басып қалу қаупі артқан учаскелерді анықтау үшін біздің бақылаушылар тұрақты түрде мониторинг жүргізуде, - дейді «Қазселденқорғау» ШҚ филиалының басшысы Омар Дүзгімбаев.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив